Школа №4
Телефоны приемной:
+7(7252) 56-23-31
+7(707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
03
октябрь
2023

Ұстазым менің , ұстазым

Шымкен қаласы білім басқармасына қарасты .
 Х. Досмұхамедов атындағы № 4 жалпы орта білім беретін мектебінде Челлендж 
         « ұстазым менің , ұстазым »
Биылғы жылы төл мерекеміз ұстаздар күні ресми бекітілді . Сонымен қатар ҚР Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев мырза « Ұстазым менің, ұстазым » атты челленджді бастады. Осы тамаша сәтті пайдалана отырып , менде өзімнің ұстазым туралы жылы естеліктерімен бөліскім келіп отыр . 
 Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан, 
 Жансыздар әлдилеген шуақты арман. 
Жатталсын есімдерің жан жүректе, 
Адамның аяулы әні сияқталған. 
Ұстаздық жол таңдауыма үлкен үлес қосқан, бағыт -бағдар берген жандарға басымды иіп алғысымды айтқым келеді! 
Әділ де талапшы, қатал да мейрімді ,өз ісінің шебері #МамадьяроваКуляшСейтбековна  сізге басымды иіп алғысымды білдіремін. 
Ұстаздық еткен жалықпас демекші барша шәкірттерінің жетістіктері қаншама белестерді бағындырып жатқаны айтпасақта сөзсіз жеткілікті. Ескере кетсек; осы күнге дейін ұстазымыз , сүйікті жұмысын жалғастыруда . Төл мерекемізді пайдалана отырып , бос уақытын тауып , ұстазымызды құттықтап шығуды жөн көрдік. 
Ұстаздық— қиын мамандық. 
Ұстаздың ерең еңбегінің арқасында бала бүкіл өміріне азық болатын білім. Ұстаз — шәкірттерін білім нәрімен сусындататын адам . Осылайша ұлағатты барша ұстаздарды төл мерекемізбен шын жүректен құттықтаймын ! Ұстаздық жолдарыңызда талантты шәкірттеріңіз көп болсын! Ізгі ниетпен Манкеева Дамира Сериковна. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив